«Қазатомөнеркәсіп» өз акционерлеріне 150 млрд теңге төледі

Жарияланды
Дивиденд 2020 жыл үшін төленген

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ акционерлеріне 150 млрд теңге төледі, деп хабарлайды компанияның ресми сайты.

Акционерлерге дивиденд 2020 жыл үшін төленген.  

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ жылғы 14 шілдедегі жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минутта (GMT+6) тіркелген акционерлеріне, 2020 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуді 2021 жылғы 15 шілдеде бастап, 2021 жылғы 22 шілдеде аяқтағаны туралы хабарлайды» делінген хабарламада. 

Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешімге сәйкес, дивиденд төлемдердің жалпы сомасы 150 081 888 351 теңгені, бір жай акцияға шаққандағы мөлшері 578,67 теңгені құраған. 

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеріп жатыр. 
 

Сондай-ақ оқыңыз