Биыл Жамбыл облысында сенім телефоны арқылы 1 256 әйел көмек сұраған

Жарияланды
42 әйел бөлімшеге көмек сұрап өздері келген

Жамбыл облысында сенім телефоны арқылы 1 256 әйел көмек сұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Биыл жыл басынан бері 42 әйел Тараз қаласы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторларына көмек сұрап келсе, 1 256 әйел сенім телефоны арқылы жүгінген. 

Тараз қаласы ПБ-ның әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінде қызметкерлер 148 әйелді жеке қабылдады. Олардың өтініштері бойынша 71 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 128 қорғау ұйғарымы шығарылды. 

140 әйел мен 388 бала дағдарыс орталықтарына орналастырылды, ал кейбіреулеріне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп көмек көрсетілді. Инспекторлар әйелдерге мәселелерін шешуге, жұмысқа орналасуға, кейде құжаттарды қалпына келтіруге көмектеседі.

 

Сондай-ақ оқыңыз