Денсаулық сақтау министрі әуе рейстеріне жаңа шектеулер енгізді

Жарияланды
шетелден келгендер 2 тәулікке дейін оқшауланады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бірқатар елдермен әуе қатынастарын азайтуды ұсынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанның барлық аймақтары коронавирустық инфекциямен аурудың жасыл аймағында болғанына қарамастан, әлемнің бірқатар елдерінде жағдай ушығып барады. 

Осыған байланысты Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой инфекцияның енуіне және таралуына жол бермеу мақсатында 5 қазаннан бастап:
– шет елдермен әуе қатынастарын қалпына келтіруді тоқтата тұру;
– әуе қатынасы қалпына келтірілген елдермен рейстер санын арттырмау;
– Түркияға рейстер санын азайту.

   «Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін мынадай міндетті талаптар белгіленсін: термометрия, сауалнама, алынған күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт аралығында COVID-19-ға тексеру туралы анықтаманың болуы. Анықтама болмаған жағдайда шетелден келгендер карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін оқшауланады. Осыған ұқсас талаптарды ЕАЭО елдерімен және Өзбекстанмен автоөтпе жолдардағы өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға қолдану ұсынылады», – деді министр. 

Осыған байланысты ол облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдеріне карантиндік ауруханалардың шекара бекеттерінде орналасуын және келушілерді тексеруден өткізуді тапсыруды сұрады.

 

Сондай-ақ оқыңыз