Мерекеде елордада 32 бала дүниеге келді

Жарияланды
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8 балаға артық

1 қаңтар түнгі сағат 00.00-ге дейін елордада 32 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес түнгі 00:00-ден бастап көпсалалы қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 16 ұл мен қыз дүние есігін ашты. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 8 балаға көп.

Айта кетсек, елордада күніне орта есеппен 30-35 бала дүниеге келеді.

Сондай-ақ оқыңыз