Шетелден ұшып келген 6 адамнан коронавирус анықталды
ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
2021 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді.
815 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 653 адам, анықтамасыз 162 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 569 жолаушы; анықтамамен – 434, анықтамасыз – 135;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы; анықтамамен – 79, анықтамасыз – 21;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы; анықтамамен – 140, анықтамасыз – 6.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 3 қаңтарда анықтамасыз келген 532 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 3 жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, 2 жолаушы Мале – Алматы рейсімен, 1 жолаушы Стамбул – Алматы рейсімен келген.