Қаржы министрлігі электронды аудитты жолға қоюды жоспарлап отыр
Қаржы министрлігі жақын арада бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптарды нақтылайды, деді мәжіліс отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смайылов.
«Ең алдымен ақпараттық жүйе жасап, оны сынақтан өткізіп көреміз. Жақын арада нарықтағы бухгалтерлік есепке қатысты ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар нақтыланады. Жүйенің дайын болуына қарай, кіріс деректерін тексеріп және қаржылық есеп айырысудың электрондық аудитін жүргізетін боламыз», – деді ол.
Министр бұл шара бюджетті жоспарлау үшін қажет деректерді алуға мүмкіндік тудыратынын айтып өтті.
Оның айтуынша бухгалтерлік есеп-қисап ережелері бұзылмай, оны бұрмалауға жол бермес үшін мемлекеттік мекемелерде бұлтты бухгалтерия жүйесін енгізу қажет. Сонымен қатар аудитті дамыту бағытында қолға алынуы тиіс шалардің бірі – бюжеттік процесінің барлық кезеңінде мемлекеттік мекеме ақпараттық жүйелерін интеграуциялау мен Big data analyses.
Тексеруді қашықтықтан жасау әдісінің ( комплаенс, камералық бақылау) енгізілуі аудит кезінде адами факторды азайтып, жемқорлық тәуекелдерін төмендетті.
Сондықтан Қаржы министрлігі бұл істі ақпараттық жүйелер арқылы барынша автоматтандыруды (Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, екінші деңгейлі банктер және басқалардың ақпараттық жүйелері) мақсат етіп отыр. Басқа мемлекеттік органдардың деректер базасымен ықпалдасу өз кезегінде құқық бұзудың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді деп пайымдайды Смайылов.