Мәжіліс сайлауы онлайн өтпейді

Жарияланды 22 Қазан 2020 10:30

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау онлайн режимде өтпейді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлім етті. 

  «Сайлау процесі «Сайлау туралы» заңмен реттеледі және заңнамамызда онлайн-дауыс беру мәселесі қарастырылмаған. Бұл сайлауды да әдеттегі жүйемен, қағаз бюллетеньмен өткіземіз. Яғни, сайлаушыларымыз үшін бұл тұрғыда ешқандай жаңашылдық жоқ», – деді Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясы отырысында.

 

Сондай-ақ оқыңыз