QazVac қазақстандық вакцинасы неден жасалған?
QazVac (QazCovid-in) – бұл инактивтендірілген, тазартылған және концентрацияланған вакцина. Оның құрамына алюминий гидрототығы – адъювант қосылған. Отандық вакцинаны әзірлеу барысында жылдар бойы қолданылған технология пайдаланылды. Оның барлық компоненті сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде апробациядан (сынақтан) өткен.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Инактивтендірілген вакцинаны әзірлеу платформасы белгілі және қауіпсіз болып табылады. Оның құрамындағы компоненттер азаматтар бұрын алған вакциналардың құрамында болған. Вакцинаға қосылған бір ғана жаңа компонент – инактивтендірілген вирус.
Инактивтендірілген вакцина дәстүрлі және тиімді болып саналады, оны дайындау технологиясы күрделі емес және вакциналардың басқа түрлеріне қарағанда қауіпсіз. Сондықтан қазақстандық ғалымдар инактивтендірілген вакцина жасау туралы шешім қабылдады.