БЖЗҚ салымшылары бір жылда 1 триллион теңге инвестициялық табыс тапқан

Жарияланды
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12,5 триллион теңгеге жетті

Қазіргі кезде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 триллион теңге мөлшерінде зейнетақы жинағы қалыптасқан. Былтыр қазандағы көрсеткішпен салыстырғанда, бұл сома шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 20%-ға артық. Бұндай ауыз толтырып айтарлық көрсеткішке зейнетақы жинақтарына 1,08 триллион теңгеден аса  таза инвестициялық табыс есептелуінің арқасында қол жеткізілді, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. 

«Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 12,2 трлн теңгені құрады (2020 жылдың басынан бергі өсім – 16%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 301,9 млрд теңге (өсім – 23%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,14 млрд теңгеге жетті (өсім – 10%)», – делінген хабарламада. 

Биыл қордағы жеке зейнетақы шоттарының саны  былтыр қазан айымен салыстырғанда 1,2 миллионға жуық көбейген. 2019 жылдыі қазан айында жеке зейнетақы шоттарының  саны 10,6 млн болса, қазір 11,7 млн-нан (11 729 797) асқан. Осылайша бір жылдағы өсім 11%-ды құрады.

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бері жалпы көлемі 777,07 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 61,7 млрд немесе 9% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,4% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 740,2 млрд теңге мөлшеріндегі түсімдер құрайды, 35,2 млрд теңге МКЗЖ бойынша, ал 353 млн теңге ЕЗЖ бойынша жинақталған.

Қордан аударылған төлемдер 138,5 млрд теңгені құрап, олардың басым бөлігі атап айтқанда: 33%-ы –  жасына байланысты төлемдерге (46,1 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдарға (36,1 млрд теңге), Қазақстанна тыс жерге тұрақты тұруға кеткендерге тқлем (27,6 млрд теңге), мұрагерлерге (24,5 млрд теңге), жерлеуге (3,01 млрд теңге), мүгедектік бойынша төлемдерге (1,1 млрд теңге) таударылған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз