2020-2022 жылдары жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландырудың жалпы көлемі 9 млрд теңгені құрайтын болады. Жыл сайын 3 млрд теңгеден бөлініп отырады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Ғылымды дамытудағы басымдықты бағыттар мен 2020-2022 жылдары жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру көлемін бөлу туралы ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, атом энергетикасы саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер туралы ҚР энергетика министрі Н. Ноғаев баяндады.
Қазіргі кезде мемлекеттік ғылыми-техникалық және экономикалық сараптамалар нәтижесі бойынша ұлттық ғылыми кеңестер келесі 7 басымдықты бағыт бойынша жас ғалымдарды...