Ресурстар

Екі ел президенттері Ресейде кездеседі

Тоқаев пен Путин шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқыламақ

Бүгін Омбы қаласында өтіп жатқан Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XVI форумына РФ Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Интерфакс-Қазақстан.

Форум тақырыбы – шекара маңындағы ынтымақтыстықты дамыту.

Форум аясында «Жоғары технологиялар: Ресей мен Қазақстан өңірлерінің мүмкіндіктері» көрмесі, «Экономикалық ықпалдастықтың заманауи аспектілері» тақырыбында Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің отырысы, сонымен қатар, жас көшбасшылардың форумы өтіп жатыр. Үкіметаралық, өңіраралық, және коммерциялық келісімдерге қол қойылмақ.

«Ресей мен Қазақстан Президенттері жеке кездесуде екіжақты және халықаралық күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді талқылдайды», – делінген хабарламада.