Украинаның СыртқыІсмині Назарбаевтың Путинмен кездесу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді

Жарияланды
Ведомстводағылар ұсыныста нақтылықтың жоқ екендігін алға тартты

Украинаның СыртқыІсминінің басшысы Вадим Пристайко Назарбаевтың Зеленский мен Путиннің кездесуін ұйымдастыру жөніндегі ұсынысында нақтылықтың жоқ екендігі туралы айтты, деп хабарлайды Интерфакс.

«Президент (Зеленский) Меркельге де, Макронға да, «маған, әлбетте, Путинмен кездесу қажет, өйкені кездеспесек, біз бұл мәселені шеше алмаймыз, ал осы кездесуді ұйымдастыру үшін бірлесіп бірдеңе жасайық, деген әңгіме болған жоқ», – деді Украинаның сыртқы істер министрі Вадим Пристайко.

СыртқыІсмин басшысының айтуынша, Назарбаевтың ұсынысы таза дипломатиялық сипатта болды.

«Егер көмек қажет болса – мен қол ұшын беруге дайынмын. Зеленскийдің жауабы: «Рахмет, бізге кез келген көмек қажет, кездесейік»», – деді жағдайды түсіндірген Пристайко.

Министр Қазақстанның бұдан бұрын да Донбастағы жағдайды реттеу үшін кездесуді Минскіде емес, өз елінде өткізуді ұсынғанын еске салды, бірақ бұл логистика тұрғысынан қиындықтар тудырады екен.

Норманд төрттігінен бөлек Зеленский мен Путиннің тет-а-тет кездесуі мүмкін бе, деген сұраққа жауап берген  Пристайко былай деді: «Мен де сіздер сияқты бүгін таңертең мұндай кездесудің мүмкін екенін естідім».

Оның айтуынша, оны талқылау үшін ресейлік тараптың мақұлдауы болу қажет.

Бұдан бұрын, Кремль Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей мен Украина басшыларының кездесуін ұйымдастыру туралы жасаған ұсынысына үн қатқан болатын.

«Әлбетте, мұндай кездесу қажет, Путиннің өзі әрқашан кездесуден, оның ішінде, мұндай кездесуден бас тартпайтындығын айтып келеді, бірақ «ол кездесу бір бірімізді көру үшін емес, нақты істі тындыру үшін қажет», деп санайды. Сондықтан оны жақсылап дайындау қажет. Осы орайда, қазіргі таңда біз барлық назарымызды «норманд форматындағы» процеске дайындалуға бағыттап отырмыз «», – деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Естеріңізге салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Клуб» саяси форумының V мерейтойлық отырысында Ресей мен Украина арасында диалог жүргізуге қатысты пікір білдірді.

Екі ел арасында орын алған оқиғаны ол қайғылы жағдай деп атады. 

«Алғашқы күннен бастап, оларды табыстыруға тырысып келемін. Менің алғашқы жұмысымның нәтижесі Минскідегі кездесу болды. Алдымен мен Еуропа елдерін аралап шықтым, одан кейін, мен Киевке, Порошенкоға бардым, одан кейін, Мәскеуге келдім. Франция президенті Қазақстанда болған еді, мен одан қайтарда Мәскеуге соғып, Путинмен кездесуді өтіндім. Міне, осылардың нәтижесінде, Минскіде жиналуға және сол кездегі мәселелерді шешуге қол жеткіздік. Барлығы қалыпты арнаға түсе бастаған еді», – деді Назарбаев.

Сондай-ақ оқыңыз