Ресурстар

300 мың шетелдік Қазақстанда қалып қойған

11 айда республикаға 5,6 млн шетелдік азамат келген

Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанға 5,6 млн шетелдік азаматтар келіп, олардың 5,3 млн-ы республикадан кеткен, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Қазақстанға келген және одан кеткен шетелдік азаматтар әлемдегі 200 мемлекеттің өкілдері.

Ішкі істер органдарында 1,2 млн шетелдіктер тіркелген, олардың 1,1 млн-ы  – ТМД елдерінің азаматтары, 95 мың адам – алыс шетелдерден келгендер. Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы бойынша 2210 жұмыс берушіде 22 мың шетелдік азаматтар еңбек қызметін жүзеге асырып жатыр. 

Атап айтарлығы, 76,2 мың шетелдік азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 9 мыңы республикадан тысқары шығарылған. Заңсыз көші-қоңды ұйымдастыру фактілері бойынша 43 қылмыстық іс қозғалса, тағы 110 қылмыстық іс елден тысқары шығару туралы сот шешімін орындамағаны үшін қозғалған.