Ресурстар

Алматылық борышкерлердің көлігі тәркіленуде

Темір "тұлпарын" иелері бүкіл қарызын төлеген соң ғана қайтарып алатын болады

Әкімшілік айыппұл төлемей жүрген алматылықтардың көліктері тәркіленіп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. 

«Саптық бөлімшелердің жеке құрамы мен прокуратура қызметкерлері, сот орындаушылары «ПОТОК-М» мобильді кешенін қолдана отырып, әкімшілік айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерді анықтап жатыр.  Борышкерлердің көліктері тәркіленіп, арнайы айыппұл тұрағына жеткізіледі», – деді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.
 

Оның айтуынша, борышкерлер көлігін айыппұлдарды толық төлегеннен кейін ғана қайтарып ала алады.