Алматылық борышкерлердің көлігі тәркіленуде

Жарияланды 6 Желтоқсан 2019 05:50

Әкімшілік айыппұл төлемей жүрген алматылықтардың көліктері тәркіленіп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. 

«Саптық бөлімшелердің жеке құрамы мен прокуратура қызметкерлері, сот орындаушылары «ПОТОК-М» мобильді кешенін қолдана отырып, әкімшілік айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерді анықтап жатыр.  Борышкерлердің көліктері тәркіленіп, арнайы айыппұл тұрағына жеткізіледі», – деді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.
 

Оның айтуынша, борышкерлер көлігін айыппұлдарды толық төлегеннен кейін ғана қайтарып ала алады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз