Ресурстар

Тоқаев латын әліпбиіне көшуге ғылыми тұрғыдан қарауды ұсынды

Әліпбидің бұдан бұрын ұсынылған нұсқалары пісіп-жетілмеген болатын

Ғылыми қауымдастық қазақ әліпбиін кирилицадан латынға көшіру бойынша ұсыныстар дайындауға тиіс, деп хабарлады ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Сонымен бірге, латынға көшу мәселесі бойынша пікір білдіргім келеді. Оның үстіне, бұл мәселе ұлттық кеңестің отырысында көтерілген болатын. Бұл жерде асығыстыққа жол беруге болмайды. Жаңа алфавитті енгізудің аспектілерін жанжақты саралап, ойластырған жөн. Ұсынылған нұсқалар жетілмеген болып шықты, сондықтан бұл мәселеге шын мәніндегі ғылыми әдістеме қажет, оны жеңілдетуге болмайды», – деді ол 20-желтоқсанда ҚР президентінің жанындағы ұлтық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында. 

Оның айтуынша, әңгіме жәй ғана кирилицадан латынға ауыса салу туралы болып отырған жоқ.

«Қазақ тілінің реформасы керек, қажет десеңіз, біздің тіліміздің модернизациясын жасаған жөн. Ғалымдардың нақты пікірін күтеміз. Тағы да мәлімдеймін, біз нақты қазақ тілін реформалаймыз», – деді Тоқаев.

Президенттің пікірі бойынша бұл мәселеде «науқаншылдыққа» жол беруге болмайды.