Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған Fokker 100 ұшағы апатынан қайтыс болғандардың саны 15-ке жетті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.
Сонымен қатар, ІІМ қайтыс болғандардың ішінде аты-жөні анықталғандардың тізімін жариялады:
1. Астанов Николай 1971 ж.т.
2. Қайдаров Р. 1940 ж.т.
3. Қалиев Бауыржан 1974 г.р.
4. Кәрібаев Базархан 1974 ж.т.
5. Мұратбаев Марат 1961 ж.т.
6. Нұрбаев Абай 1982 ж.т.
7. Исина А. (туған жылы белгісіз)
Балалар жедел-жәрдем орталығына 8 бала жеткізілген, №4 қалалық ауруханаға ауыр жарақат алған 17 адам жеткізілсе, Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасына түрлі жарақат алған 5 адам түскен.
Айта кетейік, 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады. Таңғы 07:22 кезінде № Z2100 рейсі ұшағы көтерілу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты үймен соқтығысқан. Ұшақ бортында 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.