Алматыда сот төрағасына пара алды деген айып тағылды

Жарияланды 23 Қаңтар 2020 10:35

Алматы қаласы, Бостандық аудандық сотының төрағасы «пара алды» деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі. 

«Ол  делдал – сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан аумағынан шығуға рұқсат беру үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, қылмыстық қудалаудан қорғалған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурордың келісімі алынған. 

Күдіктінің қаншалықты кінәлі екенін сот шешеді. 
 

Сондай-ақ оқыңыз