Алматы қаласы, Бостандық аудандық сотының төрағасы «пара алды» деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі.
«Ол делдал – сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан аумағынан шығуға рұқсат беру үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қылмыстық қудалаудан қорғалған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурордың келісімі алынған.
Күдіктінің қаншалықты кінәлі екенін сот шешеді.