Ресурстар

Оқушылар 16 наурыздан каникулға шығады

ЖОО-лар мен колледждер онлайн оқуға көшеді

Қазақстан оқушылары демалысқа мерзімінен бұрын жіберіледі, деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі. 

Олар 16 наурыздан 5 сәуірге дейін демалады. Негізі мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 21 наурыздан 2 сәуірге дейін еді.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов бұл шаралар коронавирус қаупіне байланысты алдын алу үшін қолға алынып жатқанын айтып өтті. 

Колледждер мен жоғары оқу орындары 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытуға көшірілетін болады. 

«16 наурыздан бастап  колледждер мен жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға көшіру керек, оның ішінде барлық техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып білім бағалауда бар», – деп қорытындылады вице-премьер сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда өткен брифингте. 

Covid-19 инфекциясының жаңа түрі  2019 жылдың соңында пайда болды. Індет Қытайдан басталып, бүкіл әлемге тарады.11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа ауруды пандемия деп таныды. Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша  инфекция жұқтырғандар 126 мыңнан  асып, қаза болғандар саны 4 мыңға жетті.