Украинада коронавирустың екінші толқыны басталды

Жарияланды
 Бұл елде тәулігіне 3 мың адам індетті жұқтыруда

Украинада күніне 3 мың адам коронавирус жұқтыруда. Бұл елде індеттің екінші толқыны басталды. Бұл туралы Словакияға сапары кезінде Владимир Зеленский мәлімдеді. Бұл туралы Укринформ жазды.

Сонымен қатар ол шетелдіктердің Украина аумағына кіруіне тыйым салу туралы шешімнің дұрыс екендігіне сенім білдірді.

 «Басқа елдердің азаматтары  Украинаға келе алмайды. Сондықтан бұл жағдай тұрақталған кезде елдегі шекаралар сөзсіз ашылады », – деп сендірді Владимир Зеленский.
 

Сондай-ақ оқыңыз