Қостанай облысында өнеркәсіп өндіру көлемі 905,1 млрд теңгені құрады

Жарияланды
Пандемия кезеңінде дамыды

Қостанай облысында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қорғау шараларының қабылдануына қарамастан, биылғы қаңтар-тамызда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпіні сақталуда. Өңір тұрғындарына және кәсіпкерлік қоғамдастыққа қажетті мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

2020 жылдың 8 айында облыс өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым құру бойынша негізгі жобаларды іске асыруда. 2020 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы өңірдің негізгі көрсеткіштері туралы шолу материалынан оқыңыздар.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 905,1 млрд теңгені құрады, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 169,9 млрд теңгені құрады. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 51 086 бірлікті немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 93,4% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 197,8 млрд теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңінің 116%-ын құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 75,4 млрд теңгені құрады. 251,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 8,6%-ға артық.

2020 жылғы қаңтар-шілдеде екінші деңгейлі банктер 168,1 млрд теңге сомасына кредит берді. Шағын бизнесті кредиттеу 27,9 млрд теңгені құрап, 6,6%-ға төмендеді. Депозиттер көлемі 12,3%-ға өсіп, 466,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 19,5%-ға, халықтың депозиттері 9,7%-ға ұлғайды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 1,6%-ға төмендеп, 223,4 млрд теңгені құрады. Көтерме тауар айналымы 418,9 млрд теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңінің 93,2% құрады.

Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерінсіз) 2020 жылғы қаңтар-шілдеде $1 510,4 млн құрады, оның ішінде тауарлар экспорты — $616,1 млн (90,4%), импорт — $894,3 млн (110,8%).

Мемлекеттік бюджетке өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% өсіммен 124,2 млрд теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 56,2 млрд теңге (85,4%), жергілікті бюджетке – 68 млрд теңге(124,5%) түсті.

Қостанай облысының нақты бюджеті 406,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджет шығыстары – 159,3 млрд теңге, республикалық бюджеттен трансферттер – 247,3 млрд теңге. Әлеуметтік салаға шығыстар 183,2 млрд теңгені немесе нақты бюджеттің 45,1%-ын құрады, оның ішінде мына салаларға: білім беру – 126,4 млрд тг немесе 31,1%; денсаулық сақтау – 21 млрд теңге немесе 5,2%; әлеуметтік қорғау – 17 млрд тг немесе 4,2%; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 18,9 млрд теңге немесе 4,6%.

21 776 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 18 141 адам жұмысқа орналастырылды, 415 адам әлеуметтік жұмыс орындарында, жастар тәжірибесінде 533 адам жұмыс істеді, қоғамдық жұмыстарға 3 422 адам қатысты.

2020 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 20,9 млрд теңге бөлінді. Жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге 17 объектіге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 126,4 млрд теңге бөлінді. 2020 жылғы 1 қыркүйекте 75,3 млрд теңге немесе 59,6% игерілді.

Сондай-ақ оқыңыз