Салықтық реттеудің пайдасы қандай?

Жарияланды
Ол өндірушілерге салмақ салмай ма?

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы Николай Радостовец комитет отырысында тау-кен және металлургия кәсіпорындарына салынатын салықтың өсуіне алаңдаушылық білдірді. 

Салалық комитет жетекшісінің айтуынша, кейінгі кезде  ақпарат құралдарында салықтың артатыны жайлы ақпарат тарай бастаған.

 «Салық санының көбейетініне қатысты түрлі қауесет бар. Ресми түрде бюджетке түсетін салықты арттыру қарастырылмаған. Алайда Парламентке құжаттардың мақұлдауға жіберілгенін көріп отырмыз, онда тау-кен және металлургия, мұнай саласына корпоративті табыс салығы мөлшерін 20-дан 24%-ға, ҚҚС 12%-дан 16%-ға арттыру қарастырылған. Ірі кәсіпорындардың барлық жетекшілері министр Руслан Дәленовке жолданған хатқа қол қойды. Коронавирус пандемиясына байланысты инвестиция төмендеді. Егер біз қазір корпоративті табыс салығы мен ҚҚС-ты жоғарылатсақ, онда ұзақ мерзімді жобалар мен салымдар келешектігін қалай есептейміз?» – деді  Николай Радостовец.

 Спикер егер кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік берілсе, онда  бұл сала бюджетке жоспарланған салықтық түсімнен гөрі көбірек пайда әкелетінін айтты. 

 «Корпоративті табыс салығы мен қосылған құн салығының болжамды артуы жұмыспен қамту, жоспарланған жобаларды іске асыруға қалай әсер ететінін байқау қажет. Басқа елдерде кәсіпорындарға қарастырылған салықтық ауыртпалықты зерттеп, жеке есептерді жүргізіп көрейік. Халықаралық тәжірибені: тиімділігі төмен кен орындарында жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін дифференциациялау қарастырылған ба, соны зерттеңіздер. Пандемия салдарынан мемлекеттік бюджет шығындалды, бірақ шығынды өтеуге Ұлттық қордан қаражат бөлінді. Біз жұмыс орындарын қалпына келтіріп, өндіріс деңгейін дағдарысқа дейін болған көрсеткіштерге жеткізуіміз керек, осылайша төлем қабілеттілікті қалпына келтіру керек», – деді ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

 Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлердің қызметін шектейтін және пайдалы қазбаларды өндіруде салық салуды реттеуде көмескілік тудыратын түзету енгізбек.  Минералды шикізатты бастапқы өңдеу кезінде өндірістің түзелген қалдықтар көлемін шығынға жатқызбау ұсынылып отыр. Бүгінде нақты өндірілген өнімге ғана салық салынады, өндіру коэффициенті руданың құрамына байланысты 15-16% мөлшерінде құбылады. Аталған түзету енгізілген соңғ бүкіл қорға салық салынатын болады, өйткені техногенді-минералды объект  бастапқы өнімге жатады.
 2020 жылға қарай Комитет кәсіпкерлермен бірге алтын, көмір және геологиялық саланы дамыту бойынша шараларды әзірледі. Осы ретте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі көмір бағасына мемлекеттік реттеуді енгізуді ұсынды.

 «Біз қызығы, дүние жүзінде еш мемлекетте баға реттелмейді. Бұл шара нарықтың қысқаруына әкеп соғуы мүмкін, оның үстіне көмір экспорты да айтарлықтай төмендеген. Бұдан бөлек, ҰКП-мен бірлесіп геологиялық барлау саласын қолдау бойынша ұсыныстар әзірледік. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қабылданған соң белсенділік орын алған жоқ. Инвестор келіп, барлық құжаттарды өткізетін, кейін оны барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен соң цифрлық форматта 1-2 айда ала алатын бір терезе қажет деп санаймыз», – деп атап өтті ҰКП салалық комитетінің жетекшісі.

Бұл ретте Тимур Құлыбаев кодексті қабылдау кезінде мемлекеттік орган прогрессивті австралиялық даму моделін назарға алғанын атап өтті.

 «Осы мәселені Тау-кен металлургия комитеті және Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің отырысына шығарайық. Бизнес ахуал инвесторларға тартуды болуы үшін көп күш-жігерді талап ететінін түсінемін. Ол үшін сот жүйесінен бастап өзгерістер қажет. Үш жыл – кодекс және қабылданған шаралардың тиімділігін түсіну үшін жеткілікті мерзім. Талқылаймыз», – деді Ұлттық палата басшысы.

 Жер қойнауын пайдаланушылар үшін 2020 жылдың соңында Экологиялық кодекстің қабылдауы маңызды. Николай Радостовец Экологиялық кодекс жобасы Салық кодексінен бөлек, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Қаржы министрілігінің қатысуынсыз қаралып жатқанын айтты.

 «Біз бірқатар мәселелер бойынша келісімге келмедік. Мысалы, анықтамалықтар ерекшеліктерді ескере отырып, еуропалық стандартар бойынша жазылады. Аталған түзету алынып тасталды. Шамамен 15 принциптік ұсыныс қабылданбады, өйткені құжат асығыс қабылданып жатыр. «Атамекен» ұсынылатын инвестициялардың кәсіпорындардың экологиялық жаңаруына олардың экономикалық көрсеткіштеріне әсерін салыстырмалы бағалауды жүргізді. Бағалау ресейлік анықтамалықтар негізінде 26 ірі компанияға төрт сала: тау-кен және металлургия, мұнай өндіру, энергетика және мұнай өңдеу бойынша жүргізілді. Инвестициялар сомасы 4-тен 16 трлн теңгеге дейін жетуі мүмкін! Кешендік экологиялық рұқсатқа өту кезінде эмиссия үшін төлем ставкаларын алып тастауға қатысты әзірлеушінің бастамасын қолдаймыз. Бұл шара компанияларға оларды ең жақсы қол жетімді технологияларды енгізуде мақсатты пайдалану үшін қолдануға мүмкіндік береді», – деді Николай Радостовец.

Сондай-ақ оқыңыз