
Ұлттық банк 2025 жылы валюта заңнамасын бұзған банктерге жалпы сомасы 493,7 миллион теңгеге 38 айыппұл салған. Бұл туралы реттеушінің жылдық есебінде жазылған. Бұл ақпаратқа бірінші болып «Бычый звонок» телеграм-арнасы назар аударды.
Бір жыл ішінде Ұлттық банк банктерде тоғыз жоспарлы және 11 жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Реттеуші айыппұл салумен қатар 62 ескерту жасап, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы сегіз талап жіберді
Былтыр капитал қозғалысы бойынша валюталық шарты бар және шетелдік банктерде шоты бар тұлғаларды есептік тіркеу аясында 2 498 есептік нөмір берілген.
Бұған дейін Ұлттық банк топ-менеджерлерінің сыйақысы бір жылда 25 пайызға артып, жалпы 2 млрд теңге алғаны белгілі болды.