COVID-19 қарсы антиденелердің деңгейі жазылғаннан кейін 3 айдан соң төмендей бастайды, ал 6 айдан кейін толығымен жойылады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Бүгінгі күні аурудың екінші рет жұғу жағдайлары ресми тіркелмегеніне қарамастан, COVID-19 қарсы иммунитет адамда біржола дамымайтынын есте ұстаған жөн.
Демек, Сіз COVID-19 ауырсаңызда, бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және басқа да санитарлық нормаларды сақтауыңыз керек.