Ресурстар

Бішкектегі митингтен 590 адам жараланып, бір адам қайтыс болды

439 адам алғашқы медициналық көмек алған

6 қазан күнгі сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша, денсаулық сақтау ұйымдарына 590 зардап шеккен адам келген. Оның ішінде 439 адам алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, амбулаторлық ем алуға жіберілді. Зардап шеккен 150 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, соның ішінде 13 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Қырғызстанның КАБАР агенттігі хабарлады. 

    «Бішкектегі травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына зардап шеккен 288 науқас келіп түскен, оның 69-ы ауруханаға жатқызылды. Ал 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Ұлттық госпитальге 164 адам жеткізілді, оның ішінде 58 адам ауруханаға жатқызылған. 6 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, бір адам қайтыс болды (белгісіз ер адам, азиялық ұлт). #1 қалалық клиникалық ауруханаға 30 адам жеткізілген, ал 23 адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. 7 адам ауруханаға жеткізілген, соның ішінде біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Шу облыстық ауруханасына 93 адам келіп түскен, 90 адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. Ауруханаға үше адам жатқызылды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Ұлттық хирургия орталығына 15 адам келіп түскен, екеуі амбулаторлық ем алуға жіберілсе, 13 науқас ауруханаға жатқызылды» –  делінген хабарламада.