Маңғыстау облысында карантин шаралары күшейтілді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
13 қазан күні сағат 00.00-ден бастап карантиндік шаралар күшейтіледі.
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді:
Қоғамдық тамақтану орындарының, мейрамханалар мен кафелердің, сондай-ақ ірі супермаркеттердің жұмыс уақыты 21.00-ге дейін қысқарады.
Сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.
Спорт нысандарының, фитнес орталықтардың, жаттығу залдарының қызметі тоқтатылады.
Киім-кешек, құрылыс базарлары мен дүкендер, азық-түлік емес тауарлар базарлары 16.00-ге дейін қысқарады.
Жаппай отбасылық іс-шараларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар күшейтіледі.
Қоғамдық орындарда маска кию режимін сақтау маңызды болып қала береді!