Жақында Шонжы ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бір бөлігі опырылып, қирап қалған болатын. Оқиға орнына іссаппармен жіберілген
Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары апатқа не себеп болғаны жайлы алдын-ала болжамымен бөлісті.
Институт баспасөз қыметінің хабарлауынша, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тапсырмасы бойынша барған ҚазҚСҒЗИ мамандары дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жедел тексеруді аяқтапты. Оның нәтижесі бойынша апат «9» бен «10» осьтің бойындағы бөліктерден басталғаны анықталды. Апат жайластырылатын цемент-құм тұтастырғының бекітілген нормадан асып кеткен жүктемелерінен туындаған. Бұл ретте жартылай фермалардың жоғарғы және төменгі белдіктері қосылыстарының монтаждық түйіндері әр түрлі көлемдегі алты бұрандамамен орнатылған. Бұл жобадан ауытқу болып саналады.
Тік жүктемелер кезінде фермалардың монтаж түйіндері тарала бастап, бір бұрандаманың бұзылуына және көлденең жүктемелердің фермалардан бағандарға берілуіне және үшінші блок конструкцияларының біртіндеп құлауына әкеп соққан. Яғни, үшінші блоктағы апат себебінің бірі – жобадан ауытқу.
Комитет Алматы облысының әкімдігіне заң бұзған тұлғаларды (мердігер, техникалық және авторлық қадағалау) жауапкершілікке тарту туралы тиісті хат жолдады.
«Сонымен қатар, жобалау құжаттамасында бағандармен қосылу түйіндері келтірілмеген және фермалардың тірек тағандарының құрылымы сипатталмаған. Екінші блокқа жанасатын жерде 3-блок жабынының деңгейінде деформациялық жіктерді орнату бойынша шешімдер келтірілмеген. Яғни, нысанны жобасында да қеткен.
Апат себебі туралы түпкілікті тұжырымдар блоктың тірек конструкцияларының элементтерінен іріктеп алынған үлгілерді есептеу және зертханалық сынау нәтижелері негізінде жасалады» ,– делінген хабарламада.
Айта кетейік, 21 қыркүйек күні сағат 11.00-де Шонжы ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бір бөлігі опырылып, қирап қалған болатын. Құлаған блоктың ауданы 1058,4 шаршы метрді құрады. Ғимараттың бірінші және екінші блоктарына әсер етпеген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.