«Қазақфильм» киностудиясы Қасым хан туралы жаңа тарихи фильм түсіруді бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Қазақфильмнің» баспасөз қызметі хабарлағандай, жақын арада киностудия Қасым Хан туралы толық метражды фильмнің жобасын бастайды. Ақан Сатаев жаңа тарихи фильмнің режиссері болады.
Фильмді 2021 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.