Ресурстар

БЖЗҚ өз салымшыларына 11 миллионнан астам қызмет көрсетті

Бір айдың ішінде

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ өз салымшыларына 11,8 миллион қызмет көрсетті. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштер аздап, 0,9%-ға төмендеді. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм каналы хабарлады. 

Бұл ретте қауіпті вирустың таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шектеу шараларын қабылдауға тура келген эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) қарамастан Қор салымшылары қызметтерді толық көлемде алуды жалғастырды.

Қордың келесі қызметтерін сайттағы «Жеке кабинетте» немесе ұялы қосымша арқылы онлайн режимінде алуға болады:
– жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірме қалыптастыру;
– өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 
– ЖЗШ/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы туралы анықтаманы жаңа редакцияда алу; 
– 1 немесе 2 топтағы мүгедектікті мерзімсіз белгіленуге байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру;
– зейнетақы төлемдерін тағайындау және (немесе) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініштің мәртебесін қадағалау.