Шектеу шараларын қатаңдату әр аймақтың эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, мақсатты түрде енгізілетін болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой брифингте жауап берді.
«Мұның барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер қажет етсе, төтенше жағдай енгізіледі. Бірақ біз қазір Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаймыз деп үміттенеміз. Әр адам жаппай іс-шаралар ұйымдастырмай, қашықты сақтай отырып, бетперде тағып, халықты қорғауға бірлесіп атсалысуы керек. Егер мұның бәрі жасалса, онда біз карантинсіз шығуымыз мүмкін», – деді Алексей Цой.