16 қазаннан бастап Ақмола облысында карантин күшейтілді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Қаулыға сәйкес:
65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуына шектеу енгізілді; түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді (өңірдің көшелерінде жүру);
демалыс күндері автобустардың жүруіне тыйым салынды;
такси екі адамнан артық тасымалдамауы тиіс;
саябақ, скверлерде 3 адамнан артық топ болып жүруге болмайды;
аумағы 1000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектеледі. Жұмыс күндері сағат 19:00-ге дейін ашық болса, демалыс және мереке күндері жабық болады;
жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен жабық базарлардың жұмыс уақыты 17:00 дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді;
азық-түлік дүкендері мен мейрамханалардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгіленді;
қоғамдық тамақтану орындары 30 келуші немесе сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;
мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;
ХҚО жұмыс кестесі шектеледі;
фитнес-орталықтар сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;
5-тен 180-ге дейін оқушысы бар мектептерге сыныпта баланың санын 15-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
пошталар сағат 14:00 дейін ғана жұмыс істейді.