Ресурстар

YouTube коронавирусқа қарсы вакциналар туралы жалған видеоларды бұғаттайды

Платформа пандемия туралы жалған мәліметтермен күресті күшейтпек

 Енді YouTube видеоплатформасының әкімшілігі індетке қарсы вакциналар туралы жалған видеоларды өшіретінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Reuters сілтеме жасап.

YouTube вакцинаның бедеулікке апаратыны жайлы және оның адамдарды өлтіретіні туралы мәлімдемелерге де тыйым салды.

«YouTube өкілдері вакциналар туралы жалған мәліметтің жергілікті органдар мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келісіміне қайшы келетінін еске салады. Осылайша, платформа пандемия туралы жалған мәліметтермен күресті күшейтпек», – деп жазады басылым.

Бірақ вакцина туралы басқа мәліметтер мен видеороликтердің өшірілмейтіні айтылады.