Павлодар облысында 18 қазаннан бастап карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері хабарлады.
Қаулыға сәйкес:
Құжатта ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану орындарына (ашық ауада қызмет көрсетуді қоспағанда) сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл ретте, нысанның толымдылығы 30 орыннан аспауы, әлеуметтік ара қашықтық және үстелдер арасындағы 2 метр қашықтық, бір үстел басына 4-6 адамнан отырғызу талаптары сақталуы тиіс.
Фитнес-орталықтардың, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметтері 30 пайыздық толымдылықпен сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.
Сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмыс уақыты сағат 18.00-ге дейін ғана болады.
Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, және басқа да іс-шараларға тыйым салынады.
Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін ғана рұқсат беріледі.