Ресурстар

Елімізде кинотеатрлар жұмысын қайта бастайды

26 қазаннан бастап шетелдік әуе рейстерінің саны азаяды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша ВАК-тың кезекті отырысында Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Тапсырмаларға сәйкес, ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап шетелдік әуе рейстерінің саны азаяды;

Міндетті түрде Қазақстан аумағына келгендердің барлығына (соның ішінде ҚР азаматтарына) ПТР-тестілеу жүргізіледі); 

 19 қазаннан бастап ҚР өңірлерінде ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендейді;

24 қазаннан бастап сенбі күні сағат 17.00-ге дейін сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, жабық базарлардың жұмысы қайта басталады; 

26 қазаннан бастап кинотеатрлар толымдылығы 30%-дан аспайтын және барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмысын қайта бастайды.