Ресурстар

Биыл 78 миллион тонна көмір өндірілді

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 99 пайызды құрайды

Еліміздің көмір өндіруші компаниялары 2020 жылдың 9 айында 78 млн. тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Еліміздің энергия өндіруші кәсіпорындарына 42 миллион тонна, өнеркәсіп кәсіпорындарына 4,2 миллион тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 6,3 миллион тонна көмір жөнелтілді.

2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес тұтыну көлемі шамамен 10 млн. тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн. тонна, тұрғындар – 7,2 млн. тонна болады.

2020 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша көмірмен қамтамасыз етушілік коммуналдық-тұрмыстық секторды 84%-ды, халықты 76%-ды құрайды. Өткен жылыту маусымының осы кезеңінде қамтамасыз етушілік коммуналдық-тұрмыстық секторды 73%-ды, халықты 69%-ды құрады.

Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен толық қамтамасыз етті.

Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған, көмірге тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді жеткізуді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр.