Ресурстар

Қай санаттағы азаматтар зейнетақы төлемдерін алуға құқылы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тізімді еске салды

Қорда зейнетақы жинақтары бар азаматтардың келесі санаттары зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екенін БЖЗҚ еске салады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның Telegram каналы хабарлады.

1. Жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар (ерлер – 63 жас; 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер – 59,5 жас);
2. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе).

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға (мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан) өтініш «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (ХҚО) бөлімшелеріне «бір терезе» қағидаты бойынша қабылданады.

Мүгедектігі бойынша зейнетақы төлемдерін алуға өтініш БЖЗҚ-ға беріледі.