2020 жылдың 1 қазанына қарасты міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,8 миллионға жетті. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм арнасы хабарлады.
Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі жеке зейнетақы шоты алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шот ашу үшін БЖЗҚ бөлімшесіне келу қажет, ал өз пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шотты бөлімшеде де, ЭЦҚ көмегімен Қордың сайтында да онлайн ашуға болады.