Енді 26 қазаннан бастап шетелден келетін еліміздің азаматтары өздерімен бірге ПТР тест нәтижесін алып жүруі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тест мерзімі 3 күннен асып кетпеуі қажет.Онсыз ұшаққа кіруге рұқсат жоқ.
Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады..
Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша анықтаманы қағаз және электронды түрде де көрсетуге болады.
5 жасқа толмаған балаларға бұл шектеудің қатысы жоқ.