Ресурстар

ЖОО оқытушыларының жалақысы 25 пайызға өсті

Қазіргі уақытта елімізде 128 жоғары оқу орны бар

25 мемлекеттік жоо 100% мемлекеттің қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғам (КЕАҚ) болып қайта құрылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Жоғары оқу орындарында директорлар кеңестері құрылды, құрылымы мен штат саны бекітілді.
Қазіргі уақытта елімізде 128 жоғары оқу орны бар.  

Жоғары оқу орындарында есептілік қысқартылды. Енді сынақ кітапшалары, комиссия хаттамалары, оқытушылардың оқу уақытын есепке алу ведомостары, кафедраның жұмыс жоспары және тағы басқа құжаттарды толтырудың еш қажеті жоқ. 

Мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттерді қабылдайтын ЖОО тізіміне 36 оқу орны кірген жоқ. 

Мемлекеттік жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс құны 342 мыңнан 955 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 635 мыңнан 1 082 600 теңгеге дейін өсті. 
Докторантурада мемлекеттік тапсырыс құны 1 307 000 теңгеден 1 900 000 теңгеге дейін өсті.

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы кем дегенде 25 пайызға өсті. Бұл мемлекеттік тапсырыс құнынын арттыру арқылы мүмкін болды.