Ресурстар

ҚР СІМ Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарының тоқтатылуына қатысты мәлімдеме жасады

Әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнататына сенеміз

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарының тоқтатылуына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

   «Әзербайжан Республикасы Президентінің, Армения Республикасы Премьер-министрінің және Ресей Федерациясы Президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады. Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз. Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз»,- делінген хабарламада.