Ресурстар

Елдегі эпидемиологиялық ахуал қиындап барады – Бас санитар дәрігер

Соңғы екі аптада өңірлерде коронавирус жұтырғандар саны артқан

Соңғы екі аптада  Қазақстанның өңірлерінде  COVID-19-ға шалдыққандар қатары артқан. Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайды хабардар еткен Мемлекеттік бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов осылай деп мәлімдеді.

«Індет барлық аймақта белең алып келеді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру 1,7 есе өсті. Жалпы республика бойынша науқастың 45%  – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары (3912-нің 1755-і).  Науқастар саны Қостанай облысында –  4,0 есе, Батыс Қазақстан облысында – 3,2 есе, Павлодар облысында 2,7 есе өскен», – деді Мемлекеттік бас санитар дәрігер.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты әкімдіктер өңірлерде карантиндік шараларды күшейтті: санитарлық бекеттер орнатылды, қалаларға кіру және шығу шектелген. елді мекендерде санитарлық блокбекет орнатылды; аталған облыстарға кіру және шығу, әуе, т/ж қатынасы қысқарды.

Сонымен қатар, енсаулық сақтау министрлігі оқушылар арасындағы күнделікті мониторингті жалғастыруда. Оқу жылының басынан  825  оқушы КВИ жұқтырса, соның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 261 жағдай тіркелген, қашықтан білім алатын балалардың 564-і коронавируспен ауырған.

Шекара маңындағы өңірлердегі қолайсыз эпидемиологиялық ахуалды және РФ, Өзбекстан, Қырғызстаннан елімізге індет тасымалданғанын ескере отырып, ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі қатаңдатылды. 

ҚР аумағында тұруға ықтияр хаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері; ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Аталған азаматтар мемлекет шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 1 мамырға дейін 57 елдің азаматтары үшін визасыз режим тоқтатылады. 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚХР мен Үндістаннан транзиттік жолаушылардың Қазақстан аумағында 72 сағат визасыз жүргені анықталды.

Украина, БАӘ, Германия, Беларусь, Түркиямен әуе рейсі қысқарды.

«Қазақстан аумағына келген барлық әуе рейстерінде, оның ішінде Қазақстан азаматтары, сондай-ақ екі жақты халықаралық жүк тасымалдайтын жүргізушілерде ПТР-тестілеу туралы анықтама болуы тиіс. ҚР-ға келген азаматтарда анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға жатады. Жолаушыдан COVID-19 анықталмаса, тиісті қолхат алып, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру ұмыстары жүргізіледі. COVID-19 анықталған адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады», -деді Е. Қиясов. 

Вице-министр сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцина таңдау мәселесіне де тоқталып өтті. Қандай вакцина алынатыны нақты шешілмеген.

«Қазіргі кезде  дүние жүзінде белгілі және расталған 198 кандидат-вакцина әзірленіп жатыр. Оның 42-сі бойынша-адамдарға клиникалық зерттеулер жүргізілуде», – деді Қиясов. 

Солардың ішінде үш вакцинаның болашағы бар деген болжам жасалып отыр. Бұл: Оксфорд ғалымдары жасап жатқан вакцина, сондай-ақ Ресейдегі Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология Ұлттық зерттеу орталығының «Спутник-5» вакцинасы және Қазақстан ғалымдары әзірлеп жатқан вакцина. Қазіргі кезде отандық вакцина сынағының  екінші кезеңі өтіп жатыр, вице-министр  2021 жылдың басында  сынақтың үшінші кезеңіне көшеміз деген үмітін білдірді. 

Ол сондай-ақ, алдын ала деректер бойынша, жаппай иммунизациялау барысында 2 миллионнан астам қазақстандық қамтылатынын айтты.