Ресурстар

Елімізде 26 градусқа дейін аяз болады

17-19 қараша аралығында

Елімізде 26 градусқа дейін аяз болады. Бұл туралы Қазгидромет РМК баспасөз қызметі хабарлады. 

   «Орталығы Самараның үстінде орналасқан Солтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигізуді жалғастырады. Кей жерлерде әлі де қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады, бірақ антициклонмен түнде ауа температурасының солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік бөлігінде – бұрқасын күтіледі», – делінген хабарламада.