Ресурстар

Алматы әуежайында мерзімі өткен ПТР анықтамасы бар Ресей азаматы депортацияланды

Ол Түркиядан ұшып келген

Алматы қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасы бар Ресей азаматы депортацияланды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі BAK хабарлады.   

2020 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, Корея, БАӘ, Ресей Федерациясы, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германиядан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 420 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 328 адам, анықтамасыз 91 адам – ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 191 жолаушы, анықтамамен – 184, анықтамасыз – 7; Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 229 жолаушы, анықтамамен – 1145, анықтамасыз – 84.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Ресей Федерациясының азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.