Ресурстар

ЖСДП партиясы парламенттік сайлауға қатысудан бас тартты

Байкот жариялау туралы шешім партияның съезінде қабылданды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) 2021 жылдың 10 қаңтарда жоспарланған Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысудан бас тартты. Бұл туралы партия төрағасы Асхат Рахымжанов съезде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс.

32 адам бойкотқа дауыс берсе, үшеуі қарсы, бесеуі қалыс қалды. 

Сонымен бірге, Рахымжанов өзінің әріптестеріне партия жұмысын жалғастырып, жаңарту курсын жариялауы керек екенін айтты. 

     «Біз жұмыс әдісімізді өзгертуіміз керек. Соңғы жеті айда біз шешім қабылдауда ұтқырлық пен тиімділіктің жоқтығына көз жеткіздік, мұны мойындау керек», – деп атап өтті ол.