Алматы қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген шетел азаматы депортацияланды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
2020 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, БАӘ, ҚХР, Грузия, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
2 578 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 311 адам, анықтамасыз 267 адам – ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 604 жолаушы, анықтамамен – 1438, анықтамасыз – 166.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 617 жолаушы, анықтамамен – 578, анықтамасыз – 39;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 228 жолаушы, анықтамамен – 169, анықтамасыз – 59;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 97 жолаушы, анықтамамен – 94, анықтамасыз – 3;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген шетел азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.