Ресурстар

Алматыда 36 кәсіпкерге айыппұл салынды

Мониторингтік топ 184 нысанды тексерді

Алматыда карантиндік шараларды бұзған кәсіпкерліктің 36 нысанына айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік Департаменті ағымдағы жылдың 25 қарашасынан 28 қарашасына қараған түні мониторингтік топтар жұмыс барысында 184 нысанды тексерді, оның ішінде 36 нысанда карантиндік режимді бұзу фактілері анықталды.

Кәсіпкерлік субъектілерде негізінен залалсыздандыратын заттар болмаған, жұмыс кестесі бұзылған, бетперде тағылмаған және т. б.

Көңіл көтеретін орындарды тексеру барысында бірнеше рет заң бұзушылықтар  болғаны анықталды.

Аудандар аумағында заң бұзушылыққа жол бергендер мыналар:

 Алатау ауданы:
– «Парваз»кафесі (Жусанды, 7);
– «Алтын Алтай» лагманханасы (Ақкент ықш., Доспанов, 23);
– «Цех» бары (Ақбұлақ ықш., Шәріпов к-сі).

Алмалы ауданы:
 «Мята» лаундж-бары (Жібек жолы к-сі – Сейфуллин д.);
– «Мята» лаундж-бары (Сейфуллин д. – Қазыбек би к-сі);
– «Ладжия Гоурмет»мейрамханасы (Сейфуллин д. – Әйтеке би к-сі);
– «Баку бульвары» кафесі (Шевченко к-сі – Клочкова к-сі);
– «Веселидзе» кафесі (Шевченко к-сі – Клочкова к-сі);
– «Мастер донер» орны (Төле би к-сі – Назарбаев даңғылы);
– «ZTB» гастро-бар (Наурызбай батыр к-сі – Жамбыл к-сі);
– «Graft shisha bar» бары (Наурызбай батыр к-сі – Мәметов к-сі);
– «Облака» кальян-бары (Қазыбек би көшесі – Панфилов көшесі);
– «Olivier Restaurant & bar» мейрамханасы (Құрманғазы көшесі – Назарбаев даңғылы).

Әуезов ауданы:
– «The one» компьютер клубы (Ақсай-5, 25 );
– «Астана Плаза» мейрамханасы (Астана ықш., 35 А);
– «Аквариум» кешені (10 А ықш., 12 Б);
– «Empire S» кафесі (4 ықш., 10 В);
– «Grand family hall» мейрамханасы (4 ықш., 10/2).

Бостандық ауданы:
– «Express» компьютер клубы (Маркова к-сі, 43);
– «Negorky Bar» (Бұқар жырау к-сі, 66);
– Абай даңғылы 10-дағы клуб

Жетісу ауданы:
– «Tantuni Doner Kebab» кафесі (Айнабұлақ-3 ықш., 98А);
– Loto club (Жансүгіров көшесі, 260В);
– Loto club (Айнабұлақ-4 ықш., 172а / 2);
– компьютер клубы (Айнабұлақ-4 ықш., 172).

Медеу ауданы:
– «ForBest» караоке-бары (Қабанбай батыр к-сі, 58);
– «Пушкин» қалалық кафе (Абай даңғылы, 17);
– «Avantgarde Game House» ойын клубы (Искендеров к-сі, 5);
– паб «Glen» (Шевченко к-сі, 44);
– «Bacha» түнгі клубы (Жібек жолы к-сі, 66/1);
– «Wine Gallery» шарап ішетін орын (Оспанов к-сі, 401/2);
– «Шишка Edition» бары (Қажымұқан к-сі, 49);
– «Бармаглот» бары (Уәлиханов к-сі, 170).

Наурызбай ауданы:
«Премьера» кафесі (Жуалы көшесі, 129);
– «LL» кафесі (Жандосов к-сі, 2).

Түрксіб ауданы:
– кафе «Прованс» кафесі (Ақан сері 33).

Заңды тұлғаларға қатысты анықталған заң бұзушылықтар бойынша ҚР ӘқбК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданады.

Әкімдік алматылықтар мен қала қонақтарын мүмкіндігінше адам көп шоғырланған орындарға, әсіресе мегаполистің  мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұза отырып жұмысын жалғастыратын нысандарға  бармауға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталуын қамтамасыз етулері тиіс, олар: жұмыс кестесін күшейту, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және  бетперде кию, қызметкерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, термометрия жүргізу, дезинфекциялаушы заттарды (туннельдер, төсеніштер және т. б.) орнату.