Ресурстар

Бір тәулікте 6 елден 1600-ге жуық адам ұшып келді

Жолаушылардың 82 пайызы ПТР-анықтамаларымен келген

Авиажолаушылардың 82%-дан астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

2020 жылғы 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Египет, БАӘ, Түркия, Грузия және Ресей Федерациясынан 14 халықаралық әуе рейсі келді.

1 592 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 321 адам, анықтамасыз 271 адам – ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 804 жолаушы, анықтамамен – 643, анықтамасыз – 161;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 647 жолаушы, анықтамамен – 539; анықтамасыз – 108;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 141 жолаушы, анықтамамен – 139; анықтамасыз – 2.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 271 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.