Ғалымдар коронавирустың антиденелерге қарсы тұра алатын мутацияға ұшыраған жаңа түрін анықтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Фред Хатчинсон атындағы онкологиялық зерттеулер орталығының мамандары індетпен күресу мақсатында дайындалған антиденелерден жалтарыла алатын SARS-CoV-2 мутациясын анықтады. Тәжірибе ретінде ғалымдар, науқастарға мамандандырылған терапия аясында берілетін үш моноклоналды антиденелердің байланысын болдырмайтын барлық мүмкін болатын COVID-19 мутациясын картаға түсірді.
Осы мутациялардың бірі – антиденелердің бүкіл «коктейлінен» жалтарса, ал басқалары үш антидененің біреуінен селективті түрде жалтарыла алды.
Ғалымдар бұл өзгерістердің кейбіреулері COVID-19 жұқтырғандарда кең таралғанын және антиденелердің барлық жиынтығына қарсы тұратын мутация Нидерланды мен Данияда табылғанын атап өтті.