Шетелден ұшып келген 6 адамнан коронавирус анықталды

Жарияланды
ПТР-анықтамасыз келген

ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 
 
2021 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 
 
815 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 653 адам, анықтамасыз 162 ҚР азаматтары келді. 
 
Оның ішінде:
 
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 569 жолаушы; анықтамамен – 434, анықтамасыз – 135; 
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы; анықтамамен – 79, анықтамасыз – 21;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы; анықтамамен – 140, анықтамасыз – 6.
   
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 
 
2021 жылдың 3 қаңтарда анықтамасыз келген 532 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 3 жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, 2 жолаушы Мале – Алматы рейсімен, 1 жолаушы Стамбул –  Алматы рейсімен келген. 

Сондай-ақ оқыңыз